8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ҚР Ұлттық Ұланы Академиясында жұмыс істейтін қыз-келіншектерге құрмет көрсетілді. Салтанатты іс - шара барысында оларға түрлі алғыс хаттар мен мақтау грамоталары табысталды.

Мерекелік жиынға әскери салада қызмет етіп жүрген қыз – келіншектердің туған – туыстары, мемлекеттік органдардың өкілдері және қоғамдық ұйымдардың басшылары жиналды.

ЕРКЕБҰЛАН ЕРСАЙЫНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КЛУБ БАСТЫҒЫ:

- Бүгінгі іс-шара Ұлттық Ұлан Академиясының шешімімен бізде қызмет ететін барлық әйел, яғни 95адам марапат алады. Бұл марапаттар әртүрлі салада облыс әкімінен, ҚР Ішкі істер Министрлігінен және ҚР ҰҰ Бас қолбасшысынан, өзара іс-әрекеттесетін басқа да ұйымдардың басшыларынан, Полиция Департаментінен сондай-ақ, т.б. органдардан болмақ.

Облыс орталығында орналасқан ҚР Ұлттық Ұланы Академиясында 95 әйел қызмет етеді. Бүгінде олар оқу-жауынгерлік міндеттерді ер – азаматтармен тең орындай отырып, адал қызмет атқарып жүр.

АҚМАРАЛ СӘРКЕНҚЫЗЫ, ҚР ҰҰ АКАДЕМИЯСЫ ТІЛДІК ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Әрине, бұл бізде әскери оқу орны болғаннан кейін ер адамдармен иық тіресе отырып, дене шынықтыру дайындығын да тапсырамыз. Атыс дайындығына да қатысамыз. Тек білім беріп қана қоймай, ғылыммен де айналысамыз. ЖОО болғаннан кейін міндетті түрде ғылымдар болу керек. Отбасымыз да бар дегендей. Міне, енді осының бәрін қатар ала жүріп жемісті еңбек етіп келеміз.

Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әртістері жиналғандарға мерекелік көңіл күй сыйлап, ән мен жырдан шашу шашты.