Биыл 10 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Оның ішінде жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы санкциялар да өзгереді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен жиында айтылды.

«Ақылы автотұрақ үшін төлем төлеуден жалтару» үшін айыппұлды 3-тен 1 АЕК-ке, ал қайталап бұзу үшін 5-тен 2 айлық есептік көрсеткішке дейін төмендету қарастырылған. Ал арнайы қызметтерге жалған хабарламамен қоңырау шалу үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтілді. Мөлшері 30-дан 60 АЕК-ке және 60-тан 120 АЕК-ке дейін ұлғайтылады немесе 40 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ егер бұл әрекеттерді кәмелетке толмағандар жасаса, бұрынғыдай ескерту жасалмайды. Ата-аналары жауап беріп, 15-тен 30 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді. Ал арнайы көліктерге жол бермегендерге 7-ден 20 АЕК-ке дейін және 15-тен 40 АЕК-ке дейін айыппұл салынады, қайталап жасаған жағдайда 20 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылады.

СНХ: Айнагүл Сауытбекова, СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы


Сондай-ақ енді жүріп келе жатқан көліктің кабинасынан шығып тұрғандарға жауапкершілік бар, жүргізуші мен жолаушының әрқайсысына 1 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қарсы жолаққа шығып кеткені үшін көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылмайтын тұлғаларға жауапкершілік енгізілді, айыппұл мөлшері - 30 АЕК болмақ. Сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерін қорғау мақсатында жауапкершілік қарастырылған.

СНХ: Айнагүл Сауытбекова, СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы


Ал жарақатсыз жеңіл жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза алынып тасталды. Бір жыл ішінде қайталап жасаса 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 9 айға дейін көлік құралын басқару құқығынан айыру қарастырылған.