Солтүстікқазақстандық парашаңғышылар тағы да жеңіс тұғырында. Ербол Хамитов пен Александр Герлиц халықаралық жарыстарда жақсы нәтижелер көрсетті.

Ербол Хамитов Қазақстанға Норвегиядағы әлем чемпионатында спринт бойынша қола медаль әкеліп, сондай-ақ Әлем кубогында жекелей жарыста күміс, спринтте қола жеңіп алды. Александр Герлиц Әлем кубогында жекелей жарыста күміс жүлдегер, ал спринтте қола жүлдегер атанды.