Петропавлдағы Достық үйінде «Анаға тағзым» атты мерекелік кездесу өтті. Жиында аудандық және ауылдық Аналар кеңесінің төрағалары арасында шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Байқауға 10-нан астам адам қатысты.
Сайысқа өңіріміздің аудандарынан 11 қатысушы жиналған. Олар 2 кезең бойынша сынға түсті. Алғашқысында әлеуметтік жобаны қорғаса, келесіде өз өнерлерін ортаға салды.
Сәуле Аманжолова Аққайың ауданы Лесной ауылдық округі аналар кеңесінің төрағасы. Ұстаз әрі іскер әйел байқаудың бірінші кезеңінде отбасы ішіндегі құндылықтар туралы жобасын ұсынып, «Жан гүлім» әнін шырқап берді.
Жалпы, «Анаға тағзым» атты байқау алғаш рет ұйымдастырылды. Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамота және бағалы сыйлықтарсмен марапатталды.