8 наурыз мейрамы қарсаңында облыcтық полиция департаменті аппаратының әйел қызметкерлері арасында «Сақшы Арулар» байқауы өткізілді. Қыз-келіншектер үш кезең бойынша сынға түсіп, араларынан епті мен мықтыны анықтады.
Байқаудың алғашқы кезеңдері спортзал мен тирде өтті. Тергеушілер, криминалистер, кадрлық және әкімшілік блокта қызмет атқаратын қыздар ептілік пен төзімділік, табельдік қарумен жұмыс істей алатындықтарын көрсетті. Бұдан кейін ұлттық костюмдерде дефиле өтті.
Сондай-ақ қатысушылар Қазақстанның салт-дәстүрлері бойынша өткен викторинаға қатысты. Шығармашылық кезеңде офицер қыз-келіншектер білімдерін, қабілеттерін көрсетті. Бірі ағылшын тілін жетік меңгерсе, енді бірі жақсы аспаз, кей арулар бос уақытында вокалмен, бисер тігумен айналысса, тағы бірі сурет салады екен.
Ендігі кезек білікті қазылар алқасында. Жеңімпаздардың есімдері 8 наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиында айтылады.