Облыстық тарихи-өлкетану музейінде "Киелі кимешек"көрмесі ашылды. Экспозиция авторы - белгілі этнодизайнер Тілек Сұлтан. Көрмеге әр өңірдің дәстүрлі кимешектері қойылған. 

Тілек Сұлтанның жұмысы тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де белгілі. Оның өнімдері Түркия, АҚШ, Үндістан, Өзбекстан, Түрікменстан және Қырғызстандағы көрмелерде ұсынылды.

СНХР: ТҰРАР ШӘКЕН - ТАРИХШЫ-ЭТНОЛОГ, "ҚАРА ШАҢЫРАҚ" РҚБ ДИРЕКТОРЫ


Көрмеге ата-бабамыздан жеткен әйелдердің дәстүрлі 48 бас киімі қойылған. Коллекциядағы ең көне кимешектің біріне шамамен 150 жыл болған. Шебер кейбір бас киімдерді мұрағаттық фотосуреттерге қарап қайта тігіп шықты.

СНХР: ТІЛЕК СҰЛТАН – ЭТНОДИЗАЙНЕР


Айта кетейік, тұрғындар көрмені бір ай бойы тамашалай алады.