Петропавлда Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша кәсіпкерлер палатасының кеңесі өтті. Жиында бизнес өкілдерінің бірқатар мәселелері қаралып, шешу жолдары айтылды.
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы «Дорожник Ашық Аспан» ЖШС өкілдеріне асфальт төсейтін көлікті бастапқы рәсімдеуден өткізуден бас тартқан. Бұрын қолданыста болған көлік Қазақстанға Еуропадан әкелініп, бұған дейін кедендік рәсімдеуден өткен.
НАТАЛЬЯ МУТНИЦКАЯ "ДОРОЖНИК АШЫҚ АСПАН" ЖШС ЗАҢГЕРІ:
- Осындай кедергіге тап болдық. Жұмыс маусымы жақындап келе жатыр. Іске кірісуіміз керек. Бірақ, біз конкурсқа қатыса алмай отырмыз.
Мемлекеттік органның көлікті рәсімдеуден бас тартуына сәйкестік сертификатының көшірмесінің болмауы себеп болған. «Дорожник Ашық Аспан» серіктестігі өз кезегінде техниканың қолданыста болғанын растайтын құжатты ұсынып, оның сәйкестікті міндетті растау нысан санатына жатпайтыны туралы өтініш берген.
ОЛЬГА ДОСТЛЕР, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:
- Бұрын қолданыста болған бұл көлікке растау туралы құжат қажет емес. Бастапқы тіркелу сертификатсыз ақ рәсімдеуге болады. Осыны ескере отырып кәсіпкер мемлекетік органдарға қайта қайта өтініш беріп жатыр. Бірақ, өтініші қабылданбаған.
Шағымдардың барлығын прокуратура тексеретін болады. Осылайша, даулы мәселе жақын күндері шешімін таппақ. Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жеке кәсіпкерден ойын-сауық нысанының қызметіне тыйым салу мәселесіне қатысты да өтініш түсті. Палата заңгерлері қабылданған шешімді заңсыз деп санайды.
ЗАРИНА НАУРЫЗБАЕВА, «MIDNIGHT» ЖШС БАСШЫСЫ:
- Тексеру мен жоқ кезде өтті. Мен тексеріс қорытындысы туралы есептерді және бұйрықтарды алдым. Екі құжатта да барлық заң бұзушылықтарды түзетуге 24 наурызға дейін уақыт берілген. Бірақ, бірде-бір құжатта жабу керек деген бұйрық жоқ.
АЙДОС КЕҢБЕЙІЛОВ, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
- Шығарылған шешім құрылыс – монтаж жұмыстарын тоқтауға байланысты болуы тіис. Бірақ, нысанның жұмысын тоқтату туралы бұйрық жоқ.
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының өкілдері кеңеске келген жоқ. Сондықтан бұл іс прокуратурада қаралатын болады.