Премьер-министр Олжас Бектенов облысқа жұмыс сапары барысында су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді. Оған Экология және табиғи ресурстар, су ресурстары және ирригация, төтенше жағдайлар министрі , инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қатысты. Жиын барысында бірқатар облыс әкімдері қабылданып жатқан іс-шаралар туралы баяндады.

Еліміз бойынша 9 облыста су тасқыны қаупі жоғары. Қазгидромет» РМК-ның алдын ала гидрологиялық болжамына сәйкес, ақпан айында ауа райы жылы болады. Наурыз айында да ауа температурасының жоғары және жауын-шашынның көп болуы су тасқыны қаупін арттырады.

ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:

- Биылдан бастап су тасқыны кезеңіне арналған гидрологиялық болжамға қоса, әр аймақ бойынша егжей-тегжейлі ақпарат пен кеңестер беріліп жатыр. Олар қауіпті аймақтарда орналасқан нақты елді мекендердегі судың ең жоғары деңгейі мен шығынын, гидрологиялық бекеттердегі ағынның көлемін және су тасқыны басталуының болжамды күндерін көрсетеді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков өз сөзінде «Tasqyn» ақпараттық жүйесі туралы айтты. Жүйеде өзендердің 128 учаскесіндегі 142 гидробекетте су тасқынын модельдеу жүргізіледі.

МӘЛІК ОЛЖАБАЕВ, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

- «Tasqyn» ақпараттық жүйесінде 7 күнді қамтитын қысқамерзімді және ұзақ мерзімді болжам көрсетіледі. Сондай-ақ, жүйе су қоймаларынан жіберілетін су мөлшері бойынша жедел мәліметтер автоматтандырылған, қауіп-қатерді ертерек ескертуге мүмкіндік беретін GloFAS жаһандық су тасқыны туралы ескерту жүйесімен біріктірілген. Мәселен,СҚО-да Есіл өзеніне ұзақмерзімді болжам бойынша 19 сәуірде су деңгейі қатты көтеріліп, Октябрьское ауылына қауіпін тигізуі мүмкін.

Жалпы, бүгінде еліміз бойынша стратегиялық маңызы бар учаскелерді қоса алғанда 1 мың шақырымнан астам канал, 153 мыңнан астам өзен АРНАСЫ тазартылған. 200-ден астам нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілген.

НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ:

- «Демеу Қазақстан» Корпаративтік қорының қаражатымен 2004 жылдан бастап еліміздің 6 өңірінде жалпы ұзындығы 12,4 шақырымды құрайтын 59 қорғау бөгеттері қалпына келтіріліп жатыр. Айта кету керек, былтырсу тасқыны кезінде 17 облыс пен Астанадағы елді-мекендерді қорғау шеңберінде 576 км-ны құрайтын 276 бөгет үйінділер салынды. Оларды заңдастыру және коммуналдық меншікке қабылдау жұмыстарын тездетіп аяқтау қажет.

Жалпы, бүгінде ел бойынша 1200-ден астам елді-мекен су тасқыны қаупі бар аймақта жатыр. Оларды қорғау үшін 576 шақырым топырақ үйінділері мен қорғаныс бөгеттері тұрғызылды. Және 822 шақырым су бұру жүйелері, каналдар мен арықтар жөнделіп, салынды.

ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

- Автомобиль және темір жол қатынастарында 960 су өткізу құрылыстары орнатылды және ауыстырылды. 74 өзеннің қауіпті учаскелерінде 500 шақырымға жуық аумақта түбін тереңдету, жағалауды бекіту және арналарды тазарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар барлық өңірде тасқынның алдын алу шаралары толық көлемде аяқталған жоқ. Бұл жекелеген елді-мекендерге айтарлықтай қауіп төндіретін атап өткен жөн.

Жиын соңында Премьер – министр Олжас Бектенов әлі де шешілмеген мәселелер бар екенін айтты. Сондықтан министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді. Және су тасқыны кезеңіне дайындықты 1 наурызға дейін аяқтауды тапсырды.