ПетропавлДАҒЫ Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім ордасының 10 жылдығына орай «Роботтар триатлоны» робо-спорты бойынша жарыс өтті. Ерекше жарысқа облыс аудандары мен қала мектептерінің 5-6 сынып оқушылары - 40-қа жуық жас робот құрастырушы қатысты.
Жас инженерлер роботтарын үш сайысқа дайындап әкелген. Олар «Арқан тарту», «Сумо» және «Пошташы» сайыстары. Роботтардың өлшемдері мен салмағына арнайы талаптар да қойылған. Іс-шара аясында информатика мұғалімдеріне арналған шеберлік сағаты да ұйымдастырылды. Олар алған білімдерін өз мектептерінде қолданып, оқушылар арасында робототехниканы дамытуда пайдаланбақ.
Жарысқа қатысушылардың қатарында №1 Новоишим орта мектебінің 6 сынып оқушылары Елмұрат Сәлімкерей мен Абылай Қуанышбек те бар. Жасөспірімдер 4-ші сыныптан бастап осы робототехникамен айналысып келеді. Жарысқа қажетті роботты 2 күнде құрастырып шыққан.
ЕЛМҰАРАТ СӘЛІМКЕРЕЙ, ҚАТЫСУШЫ:
- Маған Работотехника ұнайды. Өйткені робот жасау өте қызық. Бізде кабинет те роботқа керекті заттардың да барлығы бар. Бізге Шоқан деген мұғалім робот, программа жасауды үйретеді. Өзі информатика пәнінің мұғалімі. Біз осы роботты 1-2 күн жасадық. Және өзімізге қатты ұнады.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі 1-ші орынды №1 Новоишим орта мектебі, 2-ші орынды «ЛОРД» дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты алса Петропавлдағы"№7 орта мектептің оқушылары 3-ші орынға ие болды.