Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері оқу орындарында күзет қызметін көрсететін жеке күзет құрылымдарының басшылығымен кездесті. Тәртіп сақшылары күзет агенттіктерінің жұмысына қатысты заңнаманың талаптарын еске салды. Атап айтқанда - буллинг және кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылуына қатысты фактілерді хабарламағаны үшін көзделген жауапкершілік туралы.

Құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда ол туралы мектеп дирекциясы мен ювеналды полиция қызметкерлерін хабардар ету қажет, оқиға болса "102"арнасына дереу хабарлау керек. Бүгінгі таңда Петропавлдағы барлық мектептерде күзет қызметі жұмыс істейді.