Петропавлда балалардың фотосы көрсетіліп, оларға қатысты ақпарат салынған телеграмм-канал анықталды. Бұл жерде әр оқушы туралы бейәдеп сөз айтылып, үздіксіз жаңартылып отырған. Арнаны кім және қашан құрылғаны белгісіз, бірақ өткен аптаның соңында жазылушылар саны 7 мыңға жеткен. СҚО Білім басқармасы осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Мамандардың айтуынша, телеграмм-каналдың барлығы туралы әлеуметтік желілерге жүргізілген күнделікті мониторинг барысында анықталған. Осыған орай облыстың барлық мектептері мен колледждерінде профилактикалық жұмыс күшейтілді. Петропавл қаласының білім бөлімі полиция департаментіне көмек сұрап ресми хат жолдады.Қазір СҚО полиция департаментімен бірлесіп оны жабу және осы телеграмм-каналды құрған адамдарды жауапкершілікке тарту туралы мәселе шешіліп жатыр.