Елімізде туберкулез ауруымен сырқаттану деңгейі төмендеп келеді. Десе де, дерттің күрделі, емделуі қиын түрлері әлі де бар. Петропавлда осыған орай тренинг өтіп жатыр.
ҚР фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығының ұйымдастырумен өткізіліп отырған семинар 3 күнге шақталған. Мақсаты тренингке қатысушылардың коммуникативтік,яғни науқастар және олардың жақындарымен байланыс орнату дағдыларын дамыту. Жиынға облыстық денсаулық сақтау басқармасы, депутаттар мен облыстық ЖИТС бойынша орталықтың өкілдері қатысып жатыр.
ТАТЬЯНА МАРКАБАЕВА, ҚР ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:
- «Сенім - Солтүстік» атты қоғамдық бірлестік белсенді жұмыс істейді. Ұйым өте қиын жағдайдағы науқастарға көмек көрсетеді. Олар: үй-күйі жоқ, алкаголь мен есірткі пайдаланушылар, аз қамтылған, бұрын сотталғандар. Яғни, медициналық көмек алуға қауқары жетпейтін немесе құжаттарымен мәселесі бар жандармен жұмыс істейді. Осылайша үкіметтік емес ұйымдар бізге дертке шалдыққан жандарды табуға және оларды тексертіп, ем алғызып соңына дейін жеткізуге көмектеседі.