Қазіргі уақытта облыста 522,2 мың адам тұрып жатыр. Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, оның ішінде қалалықтардың саны - 258,2 мың адам болса, 264 мың адам ауылда тұрады. Былтыр өңірде 5 112 нәресте, яғни 2627 – ұл бала және 2485 – қыз бала дүниеге келген.

Облыс аудандары арасында ең жоғары туу коэффициенті Уәлиханов ауданында тіркелді. Ал, ең төмен туу көрсеткіш Аққайың ауданында. Былтыр облыс бойынша 6088 адам қайтыс болды. Халықтың негізгі өлім себептерінің ішінде ең үлкен үлес жүйке жүйесінің , қан айналымы жүйесінің, тыныс алу және ас қорыту органдарының аурулары, сондай-ақ жазатайым оқиғалар және улану мен жарақаттанудан мерт болатындар көп. Сондай-ақ, осы уақыт ішінде 3027 неке мен 1469 ажырасу жайттары тіркелді.