Полицейлер көшбасшылық және жеке құрамның дайындығы бойынша жаттығудан өтті. Облыстық полиция департаментінің Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы қалалық, аудандық полиция бөліністері бастықтарының тәрбие және кадр жұмысы бойынша орынбасарларына оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырып өткізді. Кәсібилікті арттыруға бағытталған сабақтарға оннан астам офицер қатысты.
«Спортта да, қызметте де қадам сайын алға» республикалық акциясы аясында өткізілген жиынның бағдарламасына дәрістер және жаттығулар кірді. Полицейлер нормативтік құжаттар бойынша білімдерін толықтырып, арнайы құралдарды қолдану ережелерін және саптық даярлықты ұйымдастыруды нығайтты. Тәжірибелі нұсқаушылар шектеулі уақыт ішінде қызметкерлердің даярлығын тиісті деңгейде қалай ұстау керектігін көрсетті.
Игорь Левин — СҚО ПД АЖДБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
- Оқу-жаттығу жиындары аясында біз, дағдарыстық жағдайларда жұмыс істеуге дайындық, атыс даярлығы, дене шынықтыру даярлығы, қоян-қолтық ұрыс бойынша практикалық және теориялық сабақтар өткізіп жатырмыз. Бұл жұмыстарды ұдайы ұйымдастырылады.
Жаттығулар офицерлерге жеке құрамға басшылық етуде жақсы көмек болмақ. Көбінесе тактикаға, атыс және дене шынықтыру даярлығына көңіл бөлінеді. Жоспар бойынша олар алған білімдерін жеке құрамға жеткізуі қажет. Полицейлердің айтуларынша, бұл сабақтардың тиімділігі зор.
Мейрам Сәрсекеев — Шал ақын ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары:
- Мақсаты – жеке құраммен тиімді жұмыс істеу үшін олардың білімін, тәрбие дайындығын нығайту. Жиын бағдарламасы дәрістер, практикалық сабақтар кірді. Бұл – басшылардың көпшілігіне жұмыс даярлығын дамытуға, қызметкерлерді мотивациялауға, олардың дайындық деңгейін арттыруға көмектеседі. Бұл жұмыс полиция ұжымдарының жұмысты ұйымдастыруына, тәртібіне және қызметтік тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Полиция бастығының орынбасарлары – тәртіпке, мотивацияға, жеке құрамның психологиялық жай-күйіне жауап беретін офицерлер. Ұжымның ұйымшылдығы және халықтың полицияға деген сенімі олардың жұмыстарына байланысты. Өткізілген жиын оларға көшбасшылық қасиеттерін жетілдіруге, қиын жағдайларда сенімді әрекет етуге және қызметкерлердің дайындық деңгейін арттыруға көмектеседі.