Ақан сері атындағы облыстық филармонияда «Моя прекрасная леди» атты мюзиклдің премьерасы өтті. Бұл туындыны әртістермен бірге камералық хор, «Мәңгілік» би ансамблінің бишілері сахналады.
Музыкалық қойылым тіл, мәдениет және әлеуметтік даму туралы тақырыптарды қамтыды. Ал туындының қоюшы режиссері Юрий Колчин.
ЮРИЙ КОЛЧИН, ҚОЮШЫ РЕЖИССЕР:
- Қойылымның композиторы Фредерик Лоу. Жиналған көрерменге актерлармен бірге осы ақан сері атындағы облыстық филармонияның камералық хоры және «Мәңгілік» би ансамблінің бишілері көмектесті. Жалпы бұл тарихи сюжет. Суретшінің өз туындысына деген махаббаты жайлы. Әртістер өте жақсы дайындалды. Барлығына ұнайды деген сенімдеміз.
Облыстық филармонияның камералық хоры алғаш рет осындай мюзиклге қатысқан. Қатысушылардың айтуынша бұл туынды олар үшін жаңа тәжірибе.
ЛИЛИЯ ПЕТРОВА, КАМЕРАЛЫҚ ХОРДЫҢ СОЛИСІ:
- Облыстық филармонияның камералық хоры алғаш рет осындлацй мюзиклға қатысып жатыр. Біз үшін бұл жаңа тәжірибе. Көрерменге ұнады деп ойлаймыз. Осы қойылым арқылы шаршағаныңызды басып, әдемі әндерді тыңдай аласыздыр. Бұл туынды негізінен 16 жастан асқандар үшін.
Жаңа премьера көрерменнің көңіліне жол тапты.