9-11 ақпан аралығында Qyzyljar Table Tennis Center-де үстел теннисінен облыс чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа өңірдің төрт ауданынан келген 80-ге жуық жас теннисші қатысып бақ сынайды.

Турнирге қыздар арасынан - 11, ұлдар арасынан 10 команда қатысып, жас теннисшілер өз шеберліктерін көрсете отырып, жеңіс жолында бақ сынады. Жарыс үш күнге созылады. Алғашқы күні командалық біріншілік өтсе, кейін жекелей және жұптық сайыстар өтеді. Турнир барысында үздік нәтиже көрсеткен ойыншыларға облыстық үстел теннисі федерациясының медальдары, кубоктары, грамоталары және ақшалай сыйлықтар беріледі. Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс қорытындысы бойынша ең мықты спортшылар өз жас санаттарына сәйкес Қазақстан чемпионатына жолдама алады.

ИРИНА ПЮРКО, ҰЛТТЫҚ САНАТТАҒЫ ТӨРЕШІ:

- Бұл турнир – жас теннисшілер үшін үлкен мүмкіндік. Олар өз шеберліктерін шыңдап, тәжірибе жинақтайды. Осындай жарыстар арқылы спортшылар тактикалық ойлау, бәсекелестік қабілеттіліктерін арттырады. Сонымен қатар, жарыс барысында жас спортшылар тәртіп пен төзімділікті меңгереді. Қатысушылардың дайындығы жоғары деңгейде, ойындар өте тартысты өтІП ЖАТЫР. Ең мықтылар Қазақстан чемпионатына жолдама алады, сондықтан әрбір кездесудің маңызы зор. Біз осындай турнирлер жасөспірімдер мен балаларды көбірек қызықтырып, үстел теннисі өңірде қарқынды дами түседі деп сенеміз.

Шал Ақын ауданы Сергеевка қаласынан келген 16 жастағы Аружан Ғабдуллина – тәжірибелі жас спортшылардың бірі. Ол үстел теннисімен 10 жылдан бері айналысып келеді. Болашақта осы спорт түрінде жоғары жетістіктерге жетіп, атақты спортшы болуды АРМАНДАЙДЫ.

АРУЖАН ҒАБДУЛЛИНА, спортшы:

- Мен үстел теннисімен 10 жыл бойы айналысып келемін. Бүгінгі ойында 2007-2008 жылғы облыстық чемпионат аясында біз Соколовка ауданымен кездестік. Мен Серебрикованы 3:1 есебімен жеңдім.+ скл 01:46 – 02:06 Маған теннисші Акашева Арай ұнайды, себебі мен оның роликтерін YouTube-тан қарап жүремін. Болашақта сол сияқты мықты спортшы болып, басқа елдерге шығып ойнағым келеді.

Сондай-ақ, 21-26 ақпан аралығында Петропавлда ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Дмитрий Переверезовтың басшылығымен оқу-жаттығу жиындары өтеді. Бұл жас спортшыларға тәжірибе жинап, шеберліктерін арттыруға мол мүмкіндік бермек.