Қаржылық мониторинг агенттігіНІҢ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті өндірістік кооператив басшысының 50 млн теңгеден астам субсидияны заңсыз алу схемасын анықтады.
Ол 2019 жылдың мамырынан 2020 жылдың наурызына дейін жалған құжаттар жасап, мемлекеттен сүт өңдеуге арналған қаржылай қолдауды заңсыз алған. Тергеу барысында күдіктінің Toyota Land Cruiser Prado 150 көлігін осы қаражатқа сатып алып, оны сенімді адамға рәсімдегені анықталды. Сот шешімімен көлікке тыйым салынды. Қазіргі уақытта күдікті 2 айға қамауға алынды.