Өңірде өнеркәсіп секторы қарқынды дамып келеді. Былтыр 700 млрд астам теңгенің өнімі шығарылды. Негізгі үлес өңдеу өнеркәсібі мен машина жасауға бағытталған. Тек соңғы 4 жылда ғана облыста машина жасау өндірісінің көлемі 5 есеге өсті.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен машина жасау саласында жаңа инвестициялық жобаларды енгізу есебінен жоғары көрсеткішке қол жеткізіліп отыр. Былтыр өңіріміздің ірі ЗИКСТО, ПЗТМ, Киров атындағы және Мұнаймаш зауыттары өндіріс көлемін 15 пайыздан 45% - ға дейін арттырған.
АЗАМАТ ШАЙМЕРДЕНОВ, СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Машина жасау саласында жаңа жобалар жүзеге асырылып жатыр. Өндіріс көлемі 100 миллиард теңгеден асқан «Зиксто» компаниясы жаңа жолаушылар вагондарын шығару үшін инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр, инвестиция көлемі 24 миллиард теңгеден асады.
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аумағында машина жасау саласына қатысты бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру, сондай-ақ көтергіш-көліктік жабдықтар өндіру жобалары.
АЗАМАТ ШАЙМЕРДЕНОВ, СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Жалпы, биыл өнеркәсіп өнімінің көлемін әлі де арттыру бойынша міндеттер тұр және биыл оның көлемін 750 миллиард теңгеден асырмақпыз.
Өңірдің өнеркәсіптік секторында 12 мыңнан астам адам еңбек етеді.