Петропавл қаласында 1000-нан астам көпқабатты үй бар, оның шамамен 200-інде ешқандай басқару түрі жоқ. Көптеген тұрғындар өздері ТҰРЫП ЖАТҚАН ПӘТЕРге ғана құқығы бар деп ойлайды. Ал мемлекет тұрғын үйдің жалпы күтімі мен жағдайын бақылауы тиіс деп есептейді.
Интернационал көшесіндегі бес қабатты үй пәтер иелері кооперативінің төрағасы қызметінен кетті. Орнына жаңа төраға табу мүмкін болмай отыр. Басқару жүйесі болмаса, алғашқы бір-екі жылда аса қиындық байқалмауы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе үйдің жағдайы нашарлап, мәселе көбейе бермек.
ГАЛИНА АИТОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:
- Өткен жылдан бері біз өзін-өзі басқару жүйесінсіз қалдық. пәтер иелері кооперативін мүлік иелерінің бірлестігіне ауыстырды, ал төраға бізден бас тартты, себебі қарыздары бар тұрғындар көп екен. Қазір ешкім басқаруды қолына алғысы келмейді,, ал біз қайда жүгінерімізді білмейміз.
Тұрғындардың арасында тұрғын үй мәселелерін шешуді ұйымдастырып, соңынан ерте алатын белсенділер болмаса не істеу керек? Пәтер иелері кооперативі қауымдастығының төрағасы айтқандай, іздеуді жалғастыру қажет, өйткені тек осы іске шынайы мүдделі адам ғана жауапкершілікті өз мойнына ала алады.
СЕРГЕЙ ХУДЯКОВ, ПЕТРОПАВЛ ПИК ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Төраға болғысы келетін ешкім жоқ. Оған не себеп? Мұны екі жағанынан қарастырғанымыз жөн: біріншісі – адам белгілі бір істі ақша үшін атқарады, отбасын асырайды, табыс табу үшін еңбектенеді. Екіншісі – қоғамдық жүк, яғни адам мүлде ақы алмайды, не шартты түрде аз ғана қаражат алады, салдарынан ол өзін жұмысты атқаруға міндетті сезінбейді.
Жүктелген міндеттерді лайықты орындау үшін тиісті еңбекақы болуы қажет. Ал, көбінесе тұрғындар пәтер иелері кооперативі төрағасын тек сынаумен шектеледі немесе оның қызметіне ақы төлеуді қажет деп санамайды.
СЕРГЕЙ ХУДЯКОВ, ПЕТРОПАВЛ ПИК ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Кез келген мәселе қаржыға келіп тіреледі. Егер төрағаның шотында ақша болса, үй кеңесі мен подъезд жетекшілері айына бір рет жиналып, төрағаның атқарған жұмысы мен туындаған мәселелерді тыңдап, “қанша қаражат қажет?” деген сұрақ қойса, жағдай басқаша болар еді. Олар барлығы қымбат екенін түсінсе,барлық мәселе шешіле бастайды.
Пәтер иелері кооперативі қауымдастығы жаңадан тағайындалған төрағаларға қолдау көрсетеді. Тәжірибенің және білімнің жетіспеушілігін қазіргі уақытта оңай толықтыруға болады. Тегін вебинарлар мен кеңестер ең күрделі тұрғын үй мәселелерін де түсініп, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.