«Мықты отбасы – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында іс-шара өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысып, отбасы құндылықтары, ата-ана мен бала арасындағы байланыс жайлы сөз қозғады.

Берік отбасы – кез келген елдің үйлесімді дамуының сенімді кепілі. Сондықтан, мемлекет ана мен бала, отбасылық құндылықтарды дәріптеу мәселелеріне көп көңіл бөледі. Біздің облыста да бұл бағытта көптеген іс-шаралар атқарылып келеді. Жиынға этномәдени бірлестіктердің мүшелері, қоғам белсенділері мен отбасылар қатысты.

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, «URPAQ» ҚАЗАҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ» ҚБ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің облысымызда қаламыздағы ең атақты азаматтарды, ең атақты ұлыстарды, ең үлгілі отбасыларды бүгін жинап, ҚХА шағырағынан астында, отбасыда балаларды қалай тәрбиелеу керек, қазіргі уақытта біз неге отбасы құндылықтарынан айырылып жатырмыз, неге балаларымыз көбіне назарларын ғаламторға аударып, үйдегі отырған қария ата-әжесін, ата-анасының әңгімесін тыңдамайды. Сондықтан бүгін осы диалог алаңында біз үлгі ретінде Назарбаев Зияткерлік мектеп және Ал-Фараби атындағы мектебінің мықты отбасыларын біз марапаттаймыз. 

Диалог алаңында аға буын өкілдерінің жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы ерекше атап өтілді.

ЗӘУРЕШ ЖИЕНТАЕВА – ӘЛ-ФАРАБИ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қазір 21 ғасырда өмір сүріп жатқан кезде бізде материалдық байлық алға кетіп, рухани байлық артқа шегінген заманда, отбасы құндылықтары күннен күнге жойылып бара жатыр. Қазақ жай айтпаған ғой, әр бір отбасы шағын мемлекет деп. Сондықтан да егер де әр отбасымыз мықты болса, біздің мемлекетіміз өте мықты мемлекет болатынына сөзсіз. 

Жиынға қатысқандар ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайту үшін осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге шешім қабылдады.