Облысқа қоныс аударып, қайта көшіп кеткен 400-ге жуық адам сот арқылы мемлекетке 375 млн теңге көтермеақы қаражатын қайтаруға міндеттелді. Олардың барлығы 2023-2025-жылдары мемлекеттік көші-қон бағдарламасына қатысқан азаматтар. Тағы 70 қоныс аударушыға қатысты арыз сотта қаралады. 34 адаммен медиативтік келісім жасалып, олар алған ақшаны өз еркімен қайтаруға келіскен. 2016-жылдан бері Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірден 20 мыңға жуық адам көшіп келген. Биыл тағы мыңға жуық отбасыға квота бөлінеді.

Гүлғайша Ілиясова, Еңбек мобильдік орталығының бөлім басшысы:

Олардың қайту себептері әртүрлі. Ауа райының қолайсыздығы бар, денсаулық жағдайы бар. Солтүстік Қазақстан облысы бізде республика бойынша ең жалақысы төмен болғандықтан, елдеріне қайтадан қайтып кетеді.