Петропавлда Қазақстан Халқы Ассамблеясының «30 қадам – ізгілікке» акциясы аясында белсенділер зейнеткерлерге тегін балық таратып, олардың алғысына бөленді. Оны «Барбанг» күрдтер қауымдастығы облыстық филиалының мүшелері ұйымдастырды. Айта кетейік, мұндай қайырымды іс-шаралар 1-наурызға дейін жалғасады.

Аяцияға арнап белсенділер 300 келі балық әкелген. Бір адамға 2,5 келіден, яғни 120 адамға берілмек.

РАСУЛ АФАНДИЕВ, "БАРБАНГ" КҮРДТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ" РҚБ СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:

- Алда мерекелер келе жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы сондай-ақ, 1-наурыз Алғыс айту күні және т.б. Осыған байланысты, біз акция аясында зейнеткерлерге тегін балық таратып, игі іс жасауды жөн көрдік.

Акция зейнеткерлердің көңілінен шықты. Қала тұрғындары ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, тілектерін де жаудырып жатты.

«30 қадам ізгілікке» челленджі 1 айға созылады. Оның аясында түрлі бағыттағы қайырымды істер мен эконауқандар ұйымдастырылмақ.