Бүгінде компьютердің көмегімен бейнебаян, телебағдарлама, жаңалықтарды қысқа уақытта монтаждап, эфирге жіберуге болады. Ал бір кездері режиссерлер мен монтажерлар кадрларды кесу және желімдеу үшін таспалар мен қайшыларды пайдаланған. Евдокия Котенева 1961 жылы телестудиямызға келіп, 40 жылға жуық монтажер қызметін атқарды.

Евдокия Владимировна әріптестерінің есімдерін сағынышпен еске алады. Сонау алпысыншы жылдары монтажерлар режиссерлермен тығыз байланыста жұмыс істеді. Әрбір кадр мұқият өңдеуді қажет етті. Өйткені, ол кезде барлығы тек тікелей эфирде шығатын.

ЕВДОКИЯ КОТЕНЕВА, ТЕЛЕВИДЕНИЕ АРДАГЕРІ:

- Мен видеоматериалды, дыбыс инженерлері ілеспе дыбысты дайындайтын. Редакторда мәтін алдын ала болатын. Оған қарап бейне мен дыбыс қойылады. Бұл бүкіл ұжымдық жұмыстың нәтижесі.

Ол кезде кинопленка тапшы. Сондықтан операторларға қатаң түрде мақсаты мен тақырыбына сәйкес беріліп жүрді. Бірнеше дубль жасалып, кейін ең үздік кадр таңдап алынған.

ЕВДОКИЯ КОТЕНЕВА, ТЕЛЕВИДЕНИЕ АРДАГЕРІ:

- Тенчиков, Сутулов және Алексей Чепенко, Валерий Василевский есімді операторлар жақсы түсіретін. Оларда ылғи кадрлар жеткілікті болатын. Мейлі ол табиғат, адамдар болсын.

2025 жылдың 1 наурызында Евдокия Владимировна 89 жасқа толады. Біздің телеарна зейнеткерге денсаулық, қуанышқа толы күндер және ұзақ ғұмыр тілейді.