Қазгидромет республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалы ақпан айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Айдағы орташа ауа температурасы -13,9-15,9°С болады, бұл нормаға жақын. Жауын-шашын мөлшері өңірдің басым бөлігінде әдеттегіден жоғары, тек облыстың солтүстік-батысы - Тимирязев, Жамбыл, Мамлют, М. Жұмабаев ауданының солтүстігі мен Петропавлда нормаға сай - 11-21 мм болады. Бірінші онкүндіктің соңында, екінші онкүндікте және үшінші онкүндіктің соңында қар, бұрқасын күтіледі.
ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
- Бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде 10-15 градус аяздан 15-20 градус аязға дейін, күндіз 5-10 градус аяздан 10-15 градус аязға дейін төмендеуі болжанады. Екінші онкүндіктің ауа температурасы түнде 22-27 градус аяз, күндіз 12-17 градус аяз болжанады. Содан кейін, ауа температурасы түнде 15-20 градус аяздан 10-15 градус аязға дейін төмендеуі болжанады. Содан кейін ауа температурасы түнде 17-22 градус аязға дейін, күндіз 7-12 градус аязға дейін жоғарлауы күтіледі. Онкүндіктің екінші жартысында ауа температурасы түнде 25-30 градус аязға, күндіз 15-20 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде. Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде 25-30 градус аяздан 6-11 градус аязға дейін, күндіз 15-20 градус аяздан, 0-5 градус аязға дейін жоғарылайды деп күтілуде.