Петропавлда су тасқынына қарсы кешенді іс-шараларды жүргізіліп жатыр. Енді сенбіліктер ұйымдастырылып, алдымен еріген қар суы басу қаупі жоғары аудандардан тазартылады.
Былтырдан бері бөгеттерді, үйінділерді нығайту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, сондай-ақ су басу қаупін азайту үшін қосымша шаралар қолға алынған. Солардың бірі - жекеменшік секторды қардан тазарту және суағарларды мұз бен қоқыстан тазарту бойынша сенбіліктерді ұйымдастыру. Жұмыс Береке шағын ауданы мен Жұмысшы кентінен басталады — бұл аудандар қауіпті аймақтарға жатады.
СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Тұрғындар өз аулаларын қардан тазалап, жол бойына шығарғаны жөн. Коммуналдық қызметтер кейін оны артып алып кетеді. . Жеке секторда көбіне қарт адамдар тұрады, оларды біз назардан тыс қалдырмаймыз. Қажет болған жағдайда аулаларын қардан тазартуға көмек ұйымдастырамыз. Құрметті қала тұрғындары жұмыс көлемі үлкен, сондықтан түсіністікпен қарауды және іске ұйымшылдықпен кірісуді сұраймыз.