Елімізде сайлауды өткізу процесін жетілдіруге бағытталған бірнеше өзгеріс енгізілді. Енді барлық аудан-қала әкімдері тікелей сайлау арқылы ғана тағайындалады. Айта кетейік, бұл жүйе 2021 жылы енгізілді. Содан бері 2,5 мыңға жуық әкім сайланды. Бұл - барша ауыл әкімдерінің шамамен 90 пайызын құрайды. Қалғандары әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталған кезде өз ретімен сайлана береді. Жаңа басшылардың 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. Олардың арасында әртүрлі кәсіп иелері мен түрлі партия өкілдері бар. Орташа 46 жаста.

Еске сала кетейік, Қазақстанда алғашқы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау 2023 жылы өтті. Нәтижесінде, барлық облыс бойынша 45 әкім жаңа тәсіл арқылы сайланды. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Бұл да - саяси жүйені реформалау ісіндегі кезекті маңызды қадам. Саяси реформа - бір реттік науқан емес. Мемлекеттің дамуына қажет болса, реформалар осылай үздіксіз жалғаса береді", - деді.