Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан «Радуга» 30 жылдан астам уақыт тұрақты дамып келе жатқан, өз қоймасы мен логистикасы бар ірі өндіріс орны. Азық түліктен бастап, тұрмыстық тауарларға дейін 600 ден астам өнім түрін өндіреді. Айталық кәсіпорында тез дайындалатын кеспе цехы да бар. Мұнда жылына 30 млн дана кеспе өндіріледі.
ЗАРИНА КӘП ТІЛШІ:
- Бұл зауытта тез дайындалатын кеспенің күніне 120 мың данасы шығарылады. Ал жылына 30 млн дана. Мұндай көлемді тағамды өндіруге тек 20-ақ адам жұмылдырылған. Ал басты жұмысты арнайы құрылғылар атқарады.
Бұл кеспенің құрамында аса қатты қиын емес. Мәселен су, ұн, тұз, қалауына қарай жұмыртқа мен өсімдік майы сынды заттар. Бірінші, ұнды дайындау керек. Ол алдымен өнеркәсіптік електен өткізіледі, содан кейін жұмыртқа ұнтағымен араластырылған өндірістік желіге жіберіледі. Бұл зауыттағы ең тиімдісі – мұндай көлемді жұмыстың бәрін арнайы құрылғылар атқарады.
ЖАҚСЫЛЫҚ ЕЛЕУКЕ ӨНДІРІС ШЕБЕРІ:
- Бұл тағамымызды адамдар илемейді. Өзінің станоктары болады. Ұнды илейтін бір станок, одан кейін нан болады, сосын кеспеге айналдырып ол тоже станок басқаша қылдырып, өзі ары қарай жібереді. 01/36 С0015 00/02 осы жерге дейін барлығын станоктар істейді. ол құралдарды біз қытадайн алдырамыз. Алғанымызға 8-9 жылдай болды. Ары қарай уже тамақтың сапасын қарау үшін адамдар отырады.
Бұл өнім тек елде ғана емес шетелдерге де экспортталады.
АЛЕКСАНДР ДАНИЛЕНКО ТЕЗ ДАЙЫНДАЛАТЫН КЕСПЕ ӨНДІРІСІНІҢ БАСШЫСЫ:
- Біз Ресей және Беларусь елдерімен жұмыс істейміз. Тауар алмасу процесі жеңіл әрі жүйелі түрде жүргізіледі. Еш қиындық жоқ.
ЖАҚСЫЛЫҚ ЕЛЕУКЕ ӨНДІРІС ШЕБЕРІ:
- Солтүстік өңірімізде біздікі шығып жатыр Ок вок деген. 9 түрі бар. Әрқайсысын дәмін көрдік өте дәмді. Қазақстанда 11 қалаға таралып жатыр. Олар өте жақсы нәтиже көрсетіп жатыр.
Өндіріс орнының біздің елдің 10 қаласында филиалы бар. Ал
облыс орталығында мыңдаған адамды жұмыспен қамтып отырған көппрофильды мекеме.