130- дан астам ұлт өкілін құшағына сыйғызған қазақтың кең даласы құтты мекен ғой. Ал, олардың бір қолдың сағасындай, бір көлдің жағасындай ұйысып ғұмыр кешуі – бұл адамгершілік пен мейірімнің белгісі. Биыл елдегі қаншама ұлттың шаңырағы саналған Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығы.
Мария Татаренко Қазақстан Халқы Ассамблеясының ең белсенді төрағаларының бірі. Ұлты орыс. 2013 жылы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясына келіп, этномәдени бірлестіктермен және оның жанынан ашылған Беларусь орталығымен танысып, белсенді жастар ұйымының жетекшісі болды. Кейін төраға болып сайланды.
МАРИЯ ТАТАРЕНКО «РАДЗИМА» СҚО БЕЛАРУСЬ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫ ТӨРАҒАСЫ:
- Біздің елде 120-дан астам ұлт бар және де олардың әрқайсысының құқы бірдей. Тегің кім болса да , өз ұлтыңның дінін, ділін, салтын сақтап өмір сүре аласың. Бұл үшін бәріне бірдей жағдай жасалған. Биыл біздің Ассамблеяның құрылғанына 30 жыл. Мерейтой қарсаңында көптеген мерекелік іс-шаралар жоспарланған.