Петропавлда әйелдер арасында волейболдан 12 қаңтар күні ҚР 33-ші чемпионаты басталған болатын. Қазір ұлттық лиганың 3-ші кезеңі өтіп жатыр. Чемпионат Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 10 команданың басын қосты.
Алғашқы ойын күні волейбол алаңына бірінші болып «Қуаныш» пен «Ақтөбе» командалары шықты. Ойынның басынан бастап, «Қуаныш» волейбол клубының қыздары қарсыластарына дес бермеді. Нәтижиесінде жергілікті команда ойынды 3:0 есебімен аяқтады.
АЛЕКСАНДР КУВШИНОВ,ЖОҒАРЫ САНАТТАҒЫ ТӨРЕШІ:
- Жергілікті Қуаныш командасы барлық кезеңдерде жақсы ойын көрсетуде. Енді плэй-оффқа өту үшін олар 1-2 орындарға таласатын болады. Бұл тур негізінен чемпионаттағы орындарды белгілеу үшін. Одан бөлек ақпан айында Талдықорғанда командалар қорытынды турда ойнайтын болады.
Командалардың барлығы дерлік өте мықты. Спортшылар тыңғылықты дайындалған. Чемпионатының үшінші турында «Жетісу» мен «Грация» кездесті.
МАРКО ГРИШЧ, «ЖЕТІСУ» ВК БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:
- Бүгін біз Грация командасына қарсы ойнаймыз. Оның алдында ойнағанбыз. Біздің команда осал емес осыған дейін өздерінің мықты екенін көрсеткен. Бұл ойындарға өте жақсы дайындалдық деп айта аламын. Ал бүгінгі осы ойында жеңеміз деген үміттемін.
Ел чемпионаты 20-сы қаңтарға дейін жалғасады.Жеңіске жеткен 8 команда наурыз айында болатын Плей-офф, яғни турнирдің қорытынды кезеңінде қайта кездесетін болады.