Негізгі Жаңалықтар Су айдындарындағы қауіпсіздік

Су айдындарындағы қауіпсіздік

Шомылу маусымының қорытындысы мен су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесі Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте талқыланды. Қазір құтқарушылар балықшылар мен аңшыларға қауіпсіздік ережелерін еске салады. Жыл басынан бері облыста мыңнан астам профилактикалық рейд жүргізіліп, 500-ден астам ескерту белгісі орнатылды. Сондай-ақ судағы және мұздағы қауіпсіздік бойынша 18 акция ұйымдастырылды.

Петропавл қаласындағы Есіл өзені мен Пестрое көлінде патрульдеу жұмыстары жүргізіледі. Профилактикалық түсіндіру жұмыстары балық аулау құралдары мен аңшылық жабдықтары сатылатын орындарда да өткізіледі. Соған қарамастан, кейбір тұрғындар қауіпсіздік талаптарын сақтамайды. Құтқарушылар әсіресе балықшыларды құтқару кеудешесін киіп, сақтық шараларын сақтауға шақырады. Жыл басынан бері су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғандарға 118 әкімшілік хаттама толтырылды. Ереже бұзғандарға 7 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Судағы оқиғалардың алдын алу жұмыстары жалғасуда.

СНХР: АБЫЛАЙХАН ЖАҚСЫЛЫҚ, ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ

Бөлісу