Қызылжар ауданы Бескөл ауылында қыздар арасында волейболдан аудан әкімінің кубогы өтті. Оған 2009 жылға дейінгі 4 команда қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған команда кубокка ие болды.

6-сынып оқушысы Алтынай Сәбит Бескөл ауылында тұрады. Жасөспірімнің волейболға қатысып жүргеніне жарты жыл ғана болса да, біршама жетістікке жетіп үлгерген. 2 ай бұрын аудандық жарыста 2-орынға ие болды. Ал, бүгінгі ойынға жас спортшының командасы 1 ай бойы тыңғылықты дайындалған.

АЛТЫНАЙ СӘБИТ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

- Волейбол – негізі қиын ойын. Бірақ, өте қызықты. Жалпы, бұл спорт түрі өзіме қатты ұнайды. Сондықтан, үздіксіз волейболмен айналысып жатырмын. Өзімнің қалауым бойынша келдім. Ойнаған кезімде өзімді еркін сезінемін.

Қызылжар ауданында мұндай жарыстар жиі ұйымдастырылады. Айта кетейік, Бескөлде жұмыс істейтін волейбол секциясында қазіргі таңда 50 бала жаттығып жатыр. Оған оқушылар 2-сыныптан бастап қатыса алады.

АНАСТАСИЯ ЭЙНИКИС, БАС ТӨРЕШІ:

-Қызылжар ауданында спорт саласы, оның ішінде волейбол жақсы дамып жатыр. Айтарлықтай жетістіктеріміз бар. Мәселен, жақында ғана Қазақстан чемпионатына қатысып, жүлделі 1-орынға ие болдық.

Сайыс соңында жеңімпаз атанған командалар кубокка ие болып, қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.