Тайынша қаласының тұрғындары жаңа жыл қарсаңында үйлерін жарыса безендірген. Соның арқасында қазір шағын шаһар ертегі әлеміндегідей әдемі.

АСНУРИЯ АБДУЛА, ТІЛШІ

- Біраздан соң Тайынша қаласындағы мына үйлер көздің жауын алатын әдемі кейіпке енеді.

АСНУРИЯ АБДУЛА, ТІЛШІ

- Міне, кеш түссе де, айнала жап жарық. Түрлі – түсті шамдармен көмкерілген мына бір үйлер құдды бір Америкалық фильмдердің ішінде жүргендей әсер береді. Бұндай әсемдікті кімдер жасағаны, қанша қаражат жұмсағанын бірге сұрап білейік.

АРТЕМ ШЛЯЙНИНГ, ТАЙЫНША ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Безендіруге 2 аптаға жуық уақыт кетті. Шамамен 70 мың теңгедей қаражат жұмсадым. Бірақ, маған ақша жағы еш маңызды болмады. Кішкентай ұлымды қуантып, үйімнің әдемі болуы үшін әр шамды бөлек сатып алдым. Барлығын жоспар бойынша іліп шықтым.

Көшеден өткендер Артемнің үйін көру үшін тоқтап, қызықтайды. Ал, кейіпкеріміз оларды дәм ауыз тиюге шақырады. 31-желтоқсан күні Шляйнингтер отбасында қуаныш 2 еселенбек.

АРТЕМ ШЛЯЙНИНГ, ТАЙЫНША ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Әйелім екеуіміздің еңбегіміз көпшілікке ұнағанына өте қуаныштымын. Келген қонақтармен бірге шәй ішіп, жақынырақ танысып жатырмыз. Таныстарымыз көбейді десем де болады. Бұл жаңа жылдың біз үшін маңызы зор. 31 күні отбасымыз жаңа адаммен толықпақ, яғни сәбиіміз туады. Сондықтан, мерекені ерекше сезіммен асыға күтіп жүрміз.

Тайынша қаласында 13 мыңнан астам адам тұрады. Жергілікті әкімдік былтыр да «ең сәнді үй» атты байқау жариялаған екен. Бірақ, биыл тұрғындардың белсендігі жоғары болған. 31-күні сайыс қорытындысы шығып, еңбегі жоғары бағаланған 3 отбасыға қаржылай сыйақы табысталады.

БЕРІК ӘЛЖАНОВ, ТАЙЫНША АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Одан бөлек біз бюджет есебінен орталық алаңды жаңка жылға қарсы безендірдік. Және де кәсіпкерлер белсенді қатысып жатыр.  Меценаттар өздерінің кәсіпорындарын абаттандырып жатыр. Сондай-ақ, көптеген іс-шараларды өткізуге көмек көрсетіп жатыр. Ауданымызда көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жаңа жыл қарсаңында сыйлық беріп, жәрдемдесу үсітнде.

Жалпы, биыл Тайынша қаласын безендіруге 5 млн қаражат жұмсалған. Айта кетейік, ауданда 18 ауылдық округ бар. Ал, халқының саны – 40 мыңға жуықтайды.