Жаңа жыл мерекесін тойлау барысында өрт қауіпсіздігі басты орында тұруы қажет. Мейрам қарсаңында облыстық ТЖД мамандары мейрамхана-дәмханалардың, ойын-сауық орындары мен сауда орталықтарының иелерімен кездесті.
Аудандардағы кәсіпкерлер үшін кездесу бейнеконференция режимінде өтті. Мамандардың мақсаты – мерекелік ертеңгіліктер, кештер өткізу барысында тиісті талаптардың орындалуын еске салу.
ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- 50 ге жуық адам шоғырланған жерде 2 негізгі шығатын есік болы тиіс. Сондай-ақ, шырщаны орнатқанда онгың асты мықты болған жөн. Бұтақтары қабырға мен төбеге тимеуі керек. Безендірген кезде де абайлау керек. Ескірген сымдар да өрттің шығуына алып келуі әбден мүмкін.