«Ауылға кітап» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған әлемдік бестселлер кітаптардың тұсаукесері өтті. Танымал шығармалар «Мазмұндама» баспасымен аударылып, ForteBank-тың қолдауымен жарыққа шықты.

«Ауылға кітап» - елімізде кітап оқуды насихаттаған бірегей жобалардың бірі. Мақсаты – Қазақстанды кітап оқитын елдердің қатарына қосу. Осы мақсат жолында ауылдарға ең жақсы деген кітаптарды жеткізбек. Осындай әлемдік бестселлер кітаптар жақында қазақ тіліне аударылды, енді міне жарыққа шығып отыр.

ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ - СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Осы кітаптардың қазақ тіліне қолдетімді болуы үшін орасан зор жұмыс атқарған «Мазмұндама» баспасына ерекше алғысымды білдіргім келеді. бұл тек білім беруге ғана емес сонымен қатар өзекті идеялармен тасымалдаушысы ретінде қазақ әдебиетінің дамуына қосылаған үлес.

Жалпы, банк барлық 6 кітаптың 3000 данасын шығаруды қаржыландырды. Акция аясында ауыл мектептеріне мың дана кітап тегін үлестірілмек.

ДИАС ҚАЗЫБАЕВ, БАНК ФИЛАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  Бұл-қазақ тіліне алғаш аударылған әлемдік бестселлерлер. Жобаны "Мазмундама" баспаханасымен бірлесіп жүзеге асырдық. Барлығы 3000 дана шығарылды. Оның ішінде 1000 мың кітап СҚО кітапханалары мен оқу орындарына беріледі.

Қазақ оқырмандарына енді Джордан Питерсонның «Өмірдің 12 ережесі», Тони Шейдің «Қуаныш сыйлау» туындысы, Фрэнк Герберттің «Құмбел» сияқты кітаптары қолжетімді. Бұл туындыларды аударуға 3 жыл уақыт кеткен. Оған 200-ден аса маман жұмылдырылды. Сондай-ақ, ОСЫ жылы тағы 200 шығарманы ана тіліне аудару көзделген.

ТЕҢІЗ СЕЙІЛХАН, «МАЗМҰНДАМА» БАСПАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Форте банкінің қолдауымен қазақ тілінде әлемдік бестселлер кітаптарды 6 кітапты аударып шығардық. Жалпы «мазмұндама баспасының мақсаты қазақ тілінің контентін байыту. қазақтарды дамыту арқылы қазақстанды дамыту. Біздер 2018 жылы құрылдық. 6 жыл ішінде 550-ге жуық әлем әдебиетін шығадық.

Айта кетейік, бұл аударылған оқулықтарды университеттер, кітапханалар мен оқу орындарына тегін таратылмақ.