Петропавлда әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында 2 мәселе қаралды. Оның бірі - Есіл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына қатысты болды. Сондай-ақ,жыинда Уәлиханов ауданы әкімі мен Мемлекетттік кірістер департаменті басшысы өз жұмыстарының нәтижелері туралы ақпарат берді.
Есіл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаршуашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы актілерге қол қойып, орындалмаған жұмыстар үшін ақша аударған.
ДАРХАН ЕРМЕКОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
- Ұсынылған материалдарға сәйкес 2024 жылы 19 сәуірде бөлім басшысы су тасқынына сәйкес су қатерлерін оқшаулау және жою жөніндегі жұмыстарды орындау үшін мердігермен 4 млн 200 мың теңге соммасында Явленка ауылы, Кизатов көшесіндегі тұрғын үйдегі кәріз құбырларын аусытыру бойынша тікелей шарт жасасты.
Бірақ, мамандардың анықтауы бойынша ешқандай кәріз құбырлары ауыстырылмаған. 4 құбырдың орнына үлкен 1 резервуар қойылған. Осы орайда, Қайрат Ахметов бұл әрекетін растады. Алайда, тәртіптік теріс қылық жасағанын мойындамады. Бөлім басшысына кеңес мүшелері бір ауыздан ескерту түріндегі жаза қолдануды ұйғарды. Жиын барысында жиналғандар Уәлиханов ауданы әкімінің де баяндамасын тыңдады.
МҰРАТ АБДУЛОВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Уәлиханов ауданында 19 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Жерігілікті атқарушы органында қызметшілер саны 103 бірлікті құрайды. Оның ішінде 9 бос жұмыс орындары бар. Жыл басынан бері 26 жалпы конкурс жарияланды. Оның ішінде 13 конкурс кандидаттар табылмауына байланысты өткізілмеді.
Жиын барысында Уәлиханов ауданындағы ауыл әкімінің атында шаруа қожалығы бар екені анықталды.Оған сот шешімі бойынша айыппұл салынған.