Прокуратура органдары табиғат қорғау заңнамасы саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп кеелді. Орман заңнамасының сақталуын талдау аясында орман алқабына келтірілген залалды өтеу жөнінде шаралар қолданылмағандығы, сондай-ақ «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының тиісінше орындалмауы, оның ішінде есепке алынбаған ормандар бойынша жұмыстың болмауы сияқты өрескел олқылықтар анықталды.

Орман кодексінің талаптарына қарамастан, облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының лауазымды тұлғалары 2006 жылдан бастап Петропавл елді мекендерінің аумағын кеңейту мақсатында жойылған орман алқаптарын алып қойғаны үшін 53 млн теңге шығынды өтеу шараларын қабылдамаған. «Ақан-сері», «Бұрлық», «Мамлют» және «Есіл» орман шаруашылықтары Кодекс талаптарын бұза отырып, 2023 жылы орманды молықтыру көлемін ұлғайту бойынша көрсеткіштерге қол жеткізбеген. Тағы бір жағдайда, агроөнеркәсіптік кешен субъектісі Экологиялық кодексті елемеуінен орман алқабының аумағында аммиак төгілген. Салдарынан орман қоры бүлінген. Орман мекемесі залалды өтеу бойынша уақтылы шаралар қабылдамаған.Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекетке 53,2 млн теңге залал өтелді, орман мекемесінің 4 директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.