Облыстық полиция департаментінің ведомстволық музейі бірнеше жыл қатарынан ҚР ІІМ жүйесіндегі үздік музейлердің қатарында. Мұнда солтүстікқазақстандық ішкі істер органдары қызметкерлерінің майданда, бейбіт өмірде көрсеткен ерліктері туралы, ел арасында резонанс тудырған қылмыстар және оларды ашқан тәртіп сақшылары туралы сыр шертеді.
Музей қорын жинақтаушылар - милиция ардагерлері Любовь Осинская мен Нина Бенграф. Мерекелік іс-шарада облыстық ПД бұрынғы бастығы Мұрат Ұрымхановтың құттықтау хаты оқылды. Департамент ардагерлері атынан отставкадағы полиция полковнигі, музейдің қалыптасуына атсалысқан Қапез Дәулетбаев сөз сөйледі. Облыстық ПД бастығы айдын Қабдұлдинов ведомстволық музеймен белсенді іс-қимыл жасайтын ұйымдастырушыларға алғыс хаттар табыс етті. Музей мерейтойы облыстық ПД мәдени орталығы дайындаған концертпен және музей туралы фильм көрсетілімімен аяқталды.