Есіл ауданында биыл 19 миллиард теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланған. Оның басым бөлігі - 10,5 миллиард теңге ауыл шаруашылығына жұмсалады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму туралы өңірлік коммуникациялыр қызметі алаңында өткен брифингте Есіл ауданы әкімі Мереке Мұхамедьяров есеп берді.
Биыл ауданда сүт тауарлы фермалар салу бойынша 2 жоба жүзеге асырылды.Біріншісін Корнеевка ауылындағы «Атамекен-Агро-Корнеевка» ЖШС тұрғызды. 1300 бас «голштино-фриз» тұқымды ірі қараға арналған сүт-тауар фермасының құрылысы аяқталды. Жобаның құны 11,7 миллиард теңге. Бұл ферма жылына 7500 тонна сүт өндіруге қауқарлы. Жоба іске қосылғаннан кейін 60 жаңа жұмыс орны құрылды. Екіншісі - Тораңғұл ауылында салынды. «Азия-Таранғұл» ЖШС-нің фермасы 800 бас «симменталь» тұқымды ірі қараға арналған. Жобаның құны 4 миллиард теңге, ал жылына 4000 тонна сүт өндірмек. Нәтижесінде 30 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, тағы екі жоба өнеркәсіп саласында іске асырылып жатыр.
МЕРЕКЕ МҰХАМЕДИЯРОВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Биыл «Қызылжар Жолдары KZ» ЖШС асфальтобетон зауыты пайдалануға берілді. Жобаның жалпы құны 800 миллион теңге, жобалық қуаттылығы жылына 165 мың тонна асфальтбетон. Зауыттың іске қосылуымен 12 тұрақты жұмыс орны ашылды, ал мұндағы орташа жалақы айына 300 мың теңге. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өндіріс көлемі 152,5 мың тонна дайын өнімді құрады. Сонымен қатар, Есіл ауданында 2025-2028 жылдары «Green Era company» ЖШС бастамасымен жел энергетикасы жобасы іске асырылмақ. Жобаның жалпы құны 3 миллиард теңге, ал жобалық қуаттылығы 200 М/Ватт электр энергиясын құрайды. Бұл жоба бойынша 27 жел генераторын орнату жоспарланып отыр.