Отан соғысының ардагері Василий Макиенко «Беларусьті фашистік басқыншылардан азат етуге 80 жыл» медалімен марапатталды. Қазақстандағы Беларусь Республикасының елшілігі қарияның бұрынғы жұмыс орны - Петропавлдағы «Есіл су» республикалык мемлекеттік кәсіпорнында кездесті. Іс-шараға еңбек ұжымы мен ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.
98 жастағы соғыс ардагері екі айдан кейін 99 жасқа толмақ. Ол - Петропавлдағы санаулы майдангердің бірі. Кездесулерде қырық бірдің қырғыны жайында көп айта бермейді.17 жасында майданға аттанып, қолына қару алды. Кейін елге оралысымен көп жыл бойы сумен қамту шаруашылығында абыройлы еңбек етті. Облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастырылуымен өткен іс-шара барысында ардагердің кеудесіне мерейтойлық медаль тағылды.
ВАСИЛИЙ МАКИЕНКО , ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:
- Мен 1941 жылы 3-ші Беларусь фронты 5 майданында соғысқа қатыстым. Кенигсбергте соғыс аяқталғаннан кейін, біз Беларуссияға келдік. Онда олар әуе десантшыларын жинай бастады. Мен ол жерде 5 жыл бойы Әуе десант әскерінің құрамында болдым. Сол жылдары 75 рет парашютпен секірдім. Соғыс аяқталса да, әскери қызметімді жалғастырдым.