Облысқа жұмыс сапарымен келген сенат депутаттарына автомобиль жолдарының жағдайы туралы баяндалды. Жиналғандар өзара жол-көлік желісін дамыту мәселесін талқылап, шешу жолдарын қарастырды. Жалпы, өңірдегі автомобиль жолдарының ұзындығы 8,5 мың шақырым шамасында. Оның ішінде 2 мың км-ге жуығы республикалық маңызы бар, ал 6,5 мыңы - жергілікті жолдар.

Облыстағы республикалық маңызы бар жолдарға биыл 32,1 млрд теңге бөлініп, 661 шақырым жолда жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал, жергілікті желінің биыл 630 – км-і жөнделген. Бұл мақсатқа 20 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған.

СӘТЖАН АБЛАЛИЕВ, ҚР КӨЛІК ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

- Петропавл қаласының айналма солын жасауға жоба жасап жатырмыз. 8 шақырым. Есіл арқылы жаңа көпір салынатын болады. Бүгінгі күні эскпертизиядан өтіп жатыр. Құрылыс жобасының бағасы – 70 млрд теңгеден асады.

Ал, республикалық маңызы бар «Жезқазған – Петропавл» автомобиль жолының жалпы ұзындығы – 940 шақырым. Оның 358 км-і Солтүстік Қазақстан облысы аумағынан өтеді. Осы орайда, биыл өңірде 297 шақырым жол жөнделіп, 12,5 млрд теңге жұмсалды.

ШӘКӘРІМ БҰҚТҰҒҰТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

- Біз Солтүстік Қазақстанға жұмыс сапары барысында салынып жатқан жол учаскелерін араладық. Өңірде жұмыс жақсы атқарылып жатыр. Керемет нәтиже бар екендігі көңіл қуантады. Бірақ, тағы да шешілуі тиіс біршама мәселе бар. Бұл істі жүзеге асыруға біз ат салысамы.

Жол инфрақұрылымын дамытуды талқылауға арналған жиынға Сенат депутаттарынан бөлек, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ның бас директоры Болатбек Айтбаев, тиісті ведомство мүшелері мен жергілікті билік өкілдері қатысты. Айта кетейік,еліміз бойынша биыл жөндеу және құрылыс жұмыстары аясында 12 мың шақырым жол қамтылды. Оның 8 мыңы – республикалық, ал қалған 4 мыңы жергілікті желі.