Сапалы өнімдер қолжетімді бағамен және тікелей өндірушіден. Белорусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі Петропавлда ашылды. Ең талапшыл деген тұтынушылар бұл жерде өзіне ұнаған аяқ киімді сатып ала алады. Әр сатып алушының талабынан шығатын беларусьтік өнімдер ыңғайлы, әрі жылы. Жәрмеңкеде табиғи теріден жасалған, тайғаққа қарсы табаны бар модельдер ұсынылған.

Солтүстіктің аязы мен көктайғағы әбігерге салмауы үшін дұрыс аяқкиім таңдау маңызды. Виктор Семизоров жәрмеңкеге келгеніне еш өкінбейді. Ол бұрын белорусьтік өндірушінің аяқкиімін кимеген, бүгін оны өз көзімен көрген соң, ұзақ ойланбай, сатып алуды шешті.

ВИКТОР СЕМИЗОРОВ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Бірінші рет интернеттен осы жәрмеңке туралы білгем. Белорусь елінен келгенін естіп таң қалдым. Сапасы өте жақсы, қазір өлшемді анықтап жатырмын, 100% аламын. Жалғыз келген жоқпын, әйеліммен келіп, таңдап жатырмыз. Қолжетімді баға, әрі сапасы да көңілден шығады.

Кеңесшілердің айтуынша, жылы әрі ыңғайлы, сапасы жоғары етік қыстың қытымыр аязынан қорғайды. Бұл аяқкиімдер табиғи теріден жасалған, ортопедиялық, ішіне қой терісі қолданылған. Табаны тайғаққа қарсы, әрі аязда жарылмайды. Сонымен қатар бағасы да көңіл қуантады.

АЛЁНА СОТСКОВА - САТУ МЕНЕДЖЕРІ:

- Аяқкиімдер негізінен проблемалы аяқтар үшін арнайы жасалған. Мысалы, сүйегі шығып кеткен, кең балтырлы немесе жайпақ табанды ұнататындар үшін өте ыңғайлы. Жаңа модельдер арасында етіктер, қысқа қонышты аяқкиімдер мен бәтеңкелер бар. Барлық аяқкиімдер өте жеңіл, жұмсақ және ұзақ уақытқа шыдайтын сапалы материалдардан дайындалған. Әйелдерге арналған өлшемдер 36-дан 43-ке дейін, ерлерге арналған өлшемдер 40-тан 49-ға дейін. Бұл аяқкиімдер Минск қаласында өндірілген.

Жәрмеңке 17 қарашаға дейін жұмыс істейді. Ол Теннис орталығының ғимаратында өтіп жатыр. Мекенжайы: Ж. Жабаева көшесі, 82А, кіреберіс ғимараттың бүйірінен. Жұмыс уақыты: 10:00-ден 19:00-ге дейін.