Есіл ауданының Бірлік ауылында жоғалып кеткен 1941 жылы туған ер адам әлі іздестіріліп жатыр. Ауыл тұрғыны 10 қараша күні ТҮНДЕ үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Іздеуге ТЖ департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ арнайы жасақ қызметкерлері, кинологтар мен полиция қызметкерлері арнайы дайындалған иттермен ауқымды іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ ұшқышсыз ұшатын ұшу аппараты қолданылып, Есіл өзенінде сүңгуірлер жұмыс істеп жатыр.
ҚАЙРАТ САМАЕВ - СҚО ТЖД "ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ" ММ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Есіл ауданы Бірлік ауылында жоғалған адамды полицияға қызметкеррлері іздеу дұмыстарын жүргізіп жатыр. Жер үсті және су асты жұмыстары жүргізілІП ЖАТЫР. Қазір өзен көлдерде мұз қата бастады. Мұз іздеуді қиындатты, дегенмен сүңгуірлер жұмыс істеп жатыр.