Шал ақын ауданында археолог, тарих ғылымдарының кандидаты, жерлесіміз Марал Хабдулинамен «Археология – өмір салты» атты кездесу кеші өтті. Танымал археолог қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, тарихи жәдігерлерді сақтаудың, зерттеудің маңызын айтып берді.

Марал Қалымжанқызының ғылыми қызығушылықтары дала өркениетін, ежелгі және ортағасырлық әлеуметтік қауымдастықтардың мәдени генезисі мәселелерін зерттеумен тығыз байланысты. Ол өзі туып өскен өлкенің тарихын зерттеп қана қоймай, әлемге танымал еткен жан.

ДӘСТЕН БАЙМҰҚАН, ОБЛЫСТЫҚ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ «АСЫЛ МҰРА» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

- Әсіресе біздің солтүстік қазақстандағы еңбектері туралы айтамыз. Ол Ақтау қалашығы жөнінде. Петропавл қаласының түбіндегі Солнечное поселыгында тұрған. Содан кейінгі темір дәуіріндегі біздің СҚО, оның ішінде Шал ақын ауданындағы осы үлкен тарихи археологиялық жерлер туралы айтамыз. Содан кейін міндетті түрде бұл кісінің үлкен табысы Бозақ қалашығының Астанаданың түбіндегі табылған, Жәнібек кесенесінің табылғаны, осындау ауқымды тақырыптарға тоқтаймыз.

Марал Хабдулинаның қатысуымен табылған тағы бір тарихи орын Байқара моласы. Байқара біздің дәуірімізге дейінгі 5 ғасырдағы скифтердің ғибадатхана кешені болған. Мұнда скифтер мен сақтар діни ғұрыптарын орындаған, сарматтар дәуіріне тиесілі алтын киімді жоғары әлеуметтік дәрежесі бар адам жерленген бірегей нысан.

МАРАЛ ХАБДУЛИНА АРХЕОЛОГ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

- Ол сақ дәуіріне жататын мола. Біздің заманымызға дейінгі 2500-2800 жылдары салынған. Осы өлкенің археологтарымен қатар, Германия археологиялық институтының мамандарымен бірге 90 жылдардың соңына қарай зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл біздің өңірде табылған алғашқы тарихи орын. Бірден салынған жылы, қай дәуірге жататындығы анықталған болатын. Жанынан басқа да археологиялық дәуірге жататын заттар табылды.

Марал Хабдулина 215 ғылыми еңбектің, оның ішінде 7 монография мен 5 оқу-әдістемелік құралдың авторы. Кездесу соңында қатысушылар қызықты сұрақтарын қойып, пікір алмасты.