Мамлют ауданында полицейлер жол-көлік апаттарының алдын алу үшін ерекше шара қабылдады. «Мамлют-Қостанай» автожолының 469-шы шақырымында қираған автокөлік жол шетіне қойылды. Бұл жүгрізушілерді жол ережелерін сақтауға щақыру мақсатында ұйымдастырылды.


Покровка ауылы маңында жол-көлік апатынан кейін полицейлер жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын ескертеді. Мұнда жыл сайын бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркеледі. Полицейлердің жоспарына сәйкес, қауіпті учаскелерде стробоскоптар орнату жоспарланған. Облыста патрульдік машиналардың 18 макеті, жануарлардың 27 макеті және жаяу жүргіншілер өткелдерінің маңында балалардың макеттері орнатылған. Осылайша, тәртіп сақшылары жүргізушілердің тәртібін арттыруға ықпал етуді көздейді.