Петропавлда жабық кешенде Президеттік көпсайыстың жазғы түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Кубогы аяқталды. Жарыс 1 мен 4 қараша аралығында Александр Винокуров спорт сарайында өтті.


Петропавлда өткен президенттік көпсайыстың қорытындысы шықты. Жарысқа еліміздің барлық облыстарынан жиналған спортшылары қатысты. Қатысушылар 4 бағыт бойынша күш сынасты.


ВИТАЛИЙ ПЕНКИН – ПОЛИАТЛОННАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:

- Бұл турнир Петропавлда 2-ші рет өтіп жатыр. Қазақстанның барлық облыстарынан спортшылар жиналды. жабық жерде өтетін Президенттік көпсайыс төрт бағыттан құралған: оқ ату, жүзу, спринт және төзімділік кроссы.


Күләш Төлебаева 20 жылдан астам президенттік көпсайыспен айналысады. Жақында ол жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды. Бүгін жарыс қорытындысы бойынша ол өзінің жас санатында бірінші орынды иеленді.


КҮЛӘШ ТӨЛЕБАЕВА - КӨПСАЙЫСТАН СПОРТ ШЕБЕРІ:

- Мен Қостанай облысынан келдім. Бұл мұндай жарыстарға бірінші рет қатысып отырған жоқпын. 60 жастан асқандар жас санатында өнер көрсетемін. Менің өтілім қазірдің өзінде үлкен. Қазақстан кубогына бірінші рет қатысып отырған жоқпын. Біздің жас санатымыздағы қарсыластар мықты болып шықты. 


Айта кетсек, президенттік көпсайыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының спортшыларына командалық есепте қола жүлдені жеңіп алды. Екінші орында солтүстікқазақстандықтар. Ал Қостанай облысының спортшылары чемпион атанды.