Петропавлда адам пышақтап, бостандығы шектелген студент есірткі саудасымен айналысып келген. 18 жастағы жігіт ұсталған кезде одан синтетикалық есірткінің аса ірі партиясы тәркіленді.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары күдіктіні Интернационал көшесінде ұстаған, қалтасынан 1 грамм ұнтақ зат табылды. Жігіттің тұрғылықты жерінен тағы 40-тан астам түйіншек, электронды таразы, темекі шегуге арналған құрал табылды. Петропавлдағы жаңа зертханада сараптама жүргізіліп, тәркіленген заттың жалпы салмағы 46 грамм «мефедрон» синтетикалық есірткісі екені анықталды. Енді студент 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін