Сондай-ақ Үкімет басшысы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымы жан-жақты жаңғыртуды қажет етеді,-деді. Бұл бағыттағы жұмыс тиісті Ұлттық жобаны жүзеге асыру шеңберінде жүргізіледі. Үкімет ұстамды тарифтік саясатты қолдап отыр. Сондықтан аталған жұмыс ұзақмерзімді қаржыландыру мен монополистердің операциялық шығыстарын қайта қарау есебінен қамтамасыз етіледі. Жыл соңына дейін халық үшін коммуналдық қызмет тарифтерін өзгерту жоспарланып отырған жоқ.