М.Жұмабаев ауданында мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Кәсіпкерлер тек өз істерін дамытып қана қоймай, әлеуметтік жауапкершілікті де сезінеді. Олар елді мекендерді абаттандырып, әлеуметтік нысандарды жөндеуге үлес қосуда

Ауданда орналасқан кәсіпорындарының бірі – «Пальчик» жеке кәсіпкерлігі. Компания өз өнімдерімен облыстан тыс өңірлерге де танымал. Мұнда сары май, сүт, қаймақ және ряженка өндіріледі.

СНХ: ТАТЬЯНА БАВЗОЛУК, «ПАЛЬЧИК» ЖК ӨНДІРІС ШЕБЕРІ


Лаборанттар шикізатты қабылдау және дайын өнімнің сапасын бақылаумен айналысады. Әрбір сүт таситын көліктен сынама алынып, оның қышқылдығы, тығыздығы, майлылығы тексеріледі. Компания әлеуметтік салаға да белсенді атсалысады.

СНХ:АЛМАС СИРАЛИНО, М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ