Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мен құтқарушылар мектептерде қауіпсіздік сабақтарын жалғастыруда. Олар оқушыларға қандай жайттардан сақтану керектігін түсіндіруде. 

Петропавлда полиция және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері №29, №27 және №24 жалпы білім беретін мектептерде кезекті қауіпсіздік сабақтарын өткізді. Тәртіп сақшылары бірнеше сыныптың оқушыларымен кездесіп, жол қозғалысы ережелерін сақтау, гаджеттерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі, жазатайым оқиғалардың және қылмыстық тәуекелдердің алдын алу тақырыптарын қамтыды. Талқыланған мәселелердің бірі – бетке торт лақтыру үрдісінің қауіптілігі. Себебі торттағы қатты безендіру элементтері жарақат келтіруі мүмкін.


Кездесу барысында оқушылар офицерлерді аса зор қызығушылықпен тыңдап, қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі қағидаларын еске түсірді. Полицейлер атап өткендей, жасөспірімдер арасындағы қылмыс азайғанымен — 2025 жылдың 9 айында 20 дерек тіркелген. Былтыр салыстырмалы кезеңде 34 дерек анықталған болатын. Негізгі міндет — жауапты қызметтер, педагогтар мен ата-аналардың күш біріктіріп, балалардың қауіпсіздігі мен бақытты балалық шағын қамтамасыз етуі.

СНХР: АЙНАГҮЛ САУЫТБЕКОВА – СҚО ПД ЖПҚБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ


СНХР: ДИНА ЖАПАРОВА – СҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ