"Парламенттік реформа – аса күрделі жұмыс. Асығыстыққа жол беруге болмайды. Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс". Бүгін жаңа реформа бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізген Мемлекет басшысы осылай деп мәлімдеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізу қажет екенін айтты. Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді. Содан соң кем дегенде 10 конституциялық заңға және 50-ден астам кодекс пен құжатқа түзету енгізу керек екенін жеткізді. Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысына Президент Әкімшілігі, Үкімет және саяси партиялар өкілдері, заңгерлер, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері шақырылған.

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ


Сондай-ақ Мемлекет басшысы бір палаталы Парламент жағдайында партиялардың көп болуы саяси диалогтың сапасын арттырып, пікірталасты кәсіби деңгейде өрбітуге жол ашатынын айтты. Бүгінде Мәжіліс заң қабылдайды, ал Сенат мақұлдайды. Енді заң шығару процессі жеделдейтіні айтылып жүр. Бұл парламенттің мүлде жаңа сипатқа ие болуына мүмкіндік бермек.